"Червонный орта мектебі" КММ-сінде мектеп Парламентінің отырысы өтті. Мектеп Парламентінің Президенті Киричок Вероника фракция жетекшілерін 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Парламенттің мақсаты: оқушылардың азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын қорғай алатын, қоғам және мемлекет мүдделерін жетілдіру үшін әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік азамат тәрбиелеу.