Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепалды тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген мектепалды тәрбиелеу және оқыту типтік оқу жоспарлары;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепалды тәрбиелеу және оқыту типтік оқу бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының Білім министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығына қосымша.
Тәрбие-оқыту процесі келесіге сәйкес жүргізіледі:
* Перспективалық жоспар
(Перспективалық жоспарда тапсырмалар әр айға бөлініп, типтік бағдарламаға сәйкес балалардың жас ерекшелігіне сай беріледі. Педагог тапсырмаларды қайталауы, сондай-ақ балалардың бағдарламаны меңгеру деңгейіне байланысты толықтыру, түзету және өзгерту жүргізе алады.)
* Циклограмма
(Циклограмма апта сайын дайындалады, ол балаларды қабылдаудан бастап, әртүрлі іс-әрекеттер, серуендер, күндізгі ұйқы және балаларды үйлеріне шығару сияқты барлық режимдік сәттердің орындалуын қамтамасыз етеді.)
(Циклограмманы құру кезінде күн тәртібі ескеріледі.)
* Балалардың жетістіктерін мониторингілеу
Мониторинг жылына 3 рет жүргізіледі:
Старттық – қыркүйек айында; Аралық – қаңтар айында; Итогтық – мамыр айында.
Мониторинг нәтижелері бойынша Баланың жеке даму картасы толтырылады.
Мақсаты: «Дағдылар мен қабілеттердің даму деңгейін анықтау».
Оқу-білім беру әрекетінің ұзақтығы – 20–25 минут
Сабақ аралық үзілістердің ұзақтығы – 10–12 минут
* Мерзімді демалыс кезеңдері – білім беру ұйымының кестесіне сәйкес; қосымша демалыс – ақпан айында
Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеленушілердің ыңғайлы дамуы үшін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта ұйымдастырылған. Бұл орта келесі орталықтарды қамтиды:
«Құрастыру» орталығы;
«Эксперимент» орталығы;
«Театр және ертегі» орталығы;
«Спорттық ойындар» орталығы;
«Кітаптар» орталығы;
«Шығармашылық» орталығы;
«Дежурство» орталығы;
«Сюжеттік-рөлдік ойындар» орталығы.